Хабар

Жастар арасында инфаркт жиіледі. Дәрігерлер оның басты себептерін атады

Қазақстанда жыл сайын 40 мыңнан астам адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болады.

Жастар арасында кенеттен қайтыс болу жағдайлары жиілеген. Кенеттен қайтыс болғандардың 90 пайызында өлім жүректің дұрыс жұмыс істемеуінен болады. Мұндай жағдайлардың саны жыл сайын артып жатыр және тәуекел аймағында жастар бар. Статистикаға сәйкес, өлім шамамен 13 пайызға өскен, оның 24 пайызы – кенеттен болатын өлім. Бұл туралы “Денсаулық” ұлттық қауымдастығы хабарлады.

“Өмір ырғағын жеделдету, көптеген стресс пен жаман әдеттер жүрек пен қан тамырлары ауруларының бара-бара жастарға тән бола бастауына әкеп соғады. Бұл аурулардың даму қаупі адамның өмір салтының нәтижесі, ерте жаста жүрек ауруларының пайда болуына көбінесе жаман әдеттер себеп болады. Мысалы, темекіге тәуелділік қан тамырларының жағдайын нашарлатады және жүректің ишемиялық ауруының даму қаупін арттырады. Қозғалысы аз өмір салты жүрек патологиясының даму қаупін үш есе арттырады, ал артық салмақ болған кезде қауіп одан да артады. Сондықтан, жүректегі асқынулардың алдын алу үшін майлы тағамдарды тұтынуды шектеу, күшті алкогольді әлсіздеу сусындармен алмастыру, жанбайтын, қыздырылатын темекісі бар құрылғыларға көшу арқылы зиян әдеттерден бас тарту немесе тұжырымдаманың көмегімен денсаулыққа зиянды азайту қажет”, – дейді “Денсаулық” ұлттық қауымдастығының дәрігері әрі басшысы Бақыт Түменова.

Сонымен қатар сарапшы инфарктің, яғни миокард инфарктісінің жүрек бұлшықетіне қан ағымы бітеліп, тін оттегінің ашығуын сезінгенде және миокардтың бір бөлігі өлгенде пайда болатынын айтты. Сондықтан инфаркт белгілерін білу және жедел жәрдемге уақтылы жүгіну өмірді сақтап қалуы мүмкін.

Инфаркттың белгілері мен симптомдары:

Кеудедегі ауырсыну, қысылу немесе дискомфорт;
Қолдағы, арқадағы, мойындағы, жақтағы немесе асқазандағы ауырсыну, шаншу немесе дискомфорт;
Тыныштықта және жеңіл физикалық белсенділікпен тыныс алудың қиындауы;
Сырыл (тыныс алғанда ысқырық немесе қорыл);
Суық тер;
Жылдам немесе ретсіз жүрек соғысы;
Бас айналу немесе естен тану;
Ас қорыту жұмысының бұзылысы (іштің жоғарғы бөлігіндегі қыжыл немесе дискомфорт);
Құсу немесе құсу белгісі жоқ жүрек айнуы. Бұл – әйелдерде жиі кездесетін инфаркт симптомы.

Айта кетейік, Огайо штаты университетінің зерттеушілері 2000 жас америкалыққа жүргізген сауалнама арқылы 45 жасқа дейінгі азаматтардың 47 пайызы жүрек ауруының қаупі бар екенін білмейтінін анықтаған.

“Жастардың жүрек ауруына шалдығу қаупін сезінбейтіні алаңдатады, бірақ бұл таңғаларлық жағдай емес. Олардың көпшілігі инфаркт тек егде жастағы адамдарға тән деп ойлайды, бірақ олай емес”, – дейді Огайо штатының Векснер медициналық орталығының профилактикалық кардиология бөлімінің директоры Лакшми Мехта.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button