Хабар

Жастарға жеңілдетілген тәртіппен 2,5 пайыз болатын несие қашан беріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов еліміздегі жастарға 2,5 пайызбен несие беру келесі айда басталатынын айтты.

«Еңбек министрлігі ережені әзірледі. Тиісті бұйрық шығып, Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Біздің ведомствоға қатысты шешім қабылданды. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе осы тетік бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы айда жергілікті атқарушы органдар мен Қаржы министрлігі несие келісіміне қол қояды. Сондықтан келесі айдан бастап беруге мүмкіндік жасалады», – деді А. Сарбасов Сенатта өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр қыркүйектегі Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін айтты.

Атап айтқанда, жастарды кәсіпке тарту үшін 6 мың азаматқа 5 жыл мерзімге 2,5 пайызбен шағын несие беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, ол несиенің сомасы 5 млн теңге болмақ.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button