Новости

Жамбыл облысында мектепте бір оқушы қайтыс болды

Қайтыс болған баланың туыстарының айтуынша, мектеп аумағындағы сыртқы әжетханада 9 сынып оқушылары төмен сыныптың балаларын ұрып-соққан.

Кеудесінен бірнеше соққы алған бала есінен танып, бірден жан тапсырған. Оларды жекелей ұрған. Ұрып-соғудан кейін бәрі қашып кеткен. Оқиға сырттағы әжетханада болған. Мектеп ішіндегі әжетханалар жабық болған”, – дейді қайтыс болған баланың туыстары.

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше:

“Оқушының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды”, – делінген полиция хабарламасында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button