Хабар

Жалғызбасты анаға кімдер жатады? Министрлік түсіндірді

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндірді.

Қазақстанның электронды үкімет порталына заң бойынша жалғызбасты ана санатына кімдер жататыны туралы сұрақ түсті.

“ҚР Еңбек кодексінің 185-бабының 1-тармағына сәйкес, жүкті әйелмен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен, 14 жасқа дейінгі баланы (18 жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты анамен, анасы жоқ аталған балалар санатын тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді. Ажырасқан әйел жалғызбасты ана санатына кіре ме?” – деп жазылған қолданушының сұрағында.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексінде еңбек шартын бұзбау жөнінде норма қарастырылғанын, алайда “жалғызбасты ана” ұғымына түсінік берілмейтінін айтты.

“Неке және отбасы туралы” кодексте заңды некеге тұрмай, дүниеге сәби әкелген әйел туралы айтылған. “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңға сәйкес, жалғызбасты әйел санатына некеде тұрмаған, жалғыз бала тәрбиелеп отырған әйел жатады. Осы тұрғыдан алғанда, Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес, жалғызбасты анаға некеде тұрмаған, бірақ жалғыз бала асырап отырған әйелді жатқызуға болады. Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгі бала (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек бала) тәрбиелеп отырған және қайтадан ресми некеге тұрмаған “ажырасқан әйел” де жалғызбасты ана санатына жатады”, – деп жазылған министрлік жауабында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button