Жүректен жүрекке
Жақын-жуықтарыңызға шын ықыласыңызды білдіруден қапы қалмаңыз! «Жүректен жүрекке» құттықтау-сазды сәлем бағдарламасы Сіздің ақ тілектеріңіз бен жалынды ыстық сәлемдеріңізді дер кезінде және сапалы түрде өз адресатына жеткізіп береді. Жұмыс күндері сағат 16:00 ден 18:00 дейін бағдарламаның шығармашылық ұжымы Сіздердің қуаныштарыңызға ортақтасып, әдемі әндерді тарту етеді.
Шуақты күндеріңіз бен қуанышты сәттеріңіз көп болсын!!!
Баян
Бәріне сәлем! Менің есімім Баян Сұлу. Новое телевидение және Жана фм де жұмыс жасаймын және осы жұмысымды жақсы көремін!
Мен серуендегенді, саяхаттағанды және тәттіні ұнатамын. Ең сүйікті мезгілім – Қыс.
Әр қашан өзіммен бірге алып жүретін қажетті заттар ол: Телефон, кілт, айна, далап және шоколад.
Новое телевидение арнасы және Жана фм әуе толқыны әр қашан қосулы болсын!
Фариза
Сәлем досым! Атым – Фариза, тегім- Ермек. Жылан жылғымын, жұлдызым- сарышаян. Сырттай жүзім суық көрінгенімен өте ашық әрі жылы жанмын.
“Сәтті күн” және “Жүректен Жүрекке” құттықтау-сазды бағдарламасының жүргізушісімін.
Хоббиім өте көп. Мәселен, телефонмен фотосессия жасаймын, beauty саласында маманмын және торт пісіретін де өнерім бар:)
Табиғатты, әсіресе тауды ерекше қатты жақсы көремін!
Ашықпын, адамдармен сұқбаттасқан қатты ұнайды. Мен туралы шағын факт осы бізбен бір толқында болыңыздар алтын тыңдарман!
Аймарал
Сәлем сүйікті көрермен! Есімім – Аймарал, тегім – Жұрағат. 2003 жылы жарық дүние есігін аштым. Арманның артынан қалмайтын. Діттеген мақсатына жетпей тыным таппайтын жанмын🤍
“Сәтті күн” бағдарламасында сүбелі сұқбат алып, “Жүректен Жүрекке” құттықтау-сазды бағдарламасын жүргіземін.
Хоббиім өте көп. Мәселен, кітап оқығанды, шығарма талдағанды әрі моншақтармен білезік жасағанды ұнатамын. Поэзия, кітап оқу сайыстарына қатысқанды жақсы көремін❤️
Көрікті табиғаттан шабыт аламын. Әсіресе, айлы түндер, жымыңдаған жұлдыздармен сырласқанда жаным тыныштыққа бөленеді. Есімімнің өзінен аңғаруға болатын шығар🌙💫
Қоғамда өз орнын қалыптастырған аға буын өкілдерімен, аяқ басып келе жатқан жастармен сырласып, пікір алмасқан ұнайды🤍
Мен туралы шағын мәліметтер ілегі осы😃Ұнады деген ойдамын😊
Жүректеріңізге жылу, жүздеріңізге күлкі сыйлайтын бағдарламалар әрқашан қосулы болсын! БІР ТОЛҚЫНДА БОЛАЙЫҚ!