Зейнетақы жинағы туралы қайдан және қалай білуге болады
Қазақстандықтарға зейнетақы жарнасының уақытылы түсуін және мөлшерінің дұрыстығын үнемі қадағалап отыруға кеңес берілді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, зейнетақы жинағының жай-күйі туралы мына жолдармен білуге болады:
– enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында 24/7 режимінде;
– egov.kz электрондық үкімет порталында 24/7 режимінде;
– салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңселеріне жеке өзі жүгінген кезде;
– электрондық пошта арқылы (кестеге сәйкес);
– пошта байланысы қызметтері арқылы (жылына бір рет).
Өткен жылы БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық мекенжайға өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін шамамен 747 мың адам таңдаған. Жинақтаушы зейнетақы шотынан үзінді көшірмелерді электрондық пошта арқылы алуға ниет білдірушілер саны 12 айда азайып, 2023 жылғы наурыз айының басында 24 мың адамға азайды.
Сондай-ақ, жылына бір рет үзінді көшірмесі бар пошта конвертін алғысы келетін салымшылардың (алушылардың) саны да тез қысқаруда. Мәселен, 2014 жылы шамамен 4 млн салымшы осындай тәсіл арқылы шоттарындағы жинақтарының мөлшерін білген. Ал соңғы 12 айда бұл қызметі алушылардыңң саны не бәрі 84 мың адам болды.
Қазіргі уақыта азаматтардың басым көпшілігі enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет және БЖЗҚ ұялы қосымшасы арқылы онлайн режимінде хабарлау тәсілін қолданады. 2023 жылғы 6 наурызында 6,4 млн адам хабарлау тәсілін таңдаған. Шамамен 3,3 млн салымшы ақпаратты тікелей кеңсеге жүгіну арқылы алды.