Хабар

Заттарға екінші өмір сыйла: қарағандылықтарды «Дармаркаға» шақырады

Қарағандылықтарды «Дармаркаға» қатысуға шақырады. Тегін жәрмеңкенің басты шарты – қазір пайдаланбайтын, жағдайы жақсы заттарыңызды алып келіп, оның орнына өзіңізге ұнағанын алып кетуге болады.

«Дармарка» мақсаты – жақсы нәрселерге жаңа иелер табу және осылайша жаңа тауарларды өндіруге, буып-түюге және жеткізуге ресурстар мен қаражаттың шығындарын азайту. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл қоғам мен қоршаған ортаны саналы тұтыну мен тұрақты дамыту жолындағы қарапайым қадам.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: заттар таза және жақсы күйде болуы керек. Сіз кітаптар, керек-жарақтар, балалар ойыншықтарын тапсыра аласыз.

Заттарды 15–17 наурыз аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде келесі мекен-жай бойынша қабылдайды: Университетская көшесі, 28 (бас ғимарат, холл).

Іс-шараны StopMusor әлеуметтік жобасы шеңберінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы ұйымдастырды.

«Дармарканың» жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 18:30-ға дейін.

Үйлестірушілердің телефондары:

  • +7-747-383-83-01 (Асыл),
  • + 7-708-602-60-26 (Софья).

Толығырақ Instagram: @stopmusorkz.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button