Халық мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қалай бағалайды?
Респонденттердің 4,4 пайызының полиция қызметіне көңілі толмайды.
Қазақстандықтар мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін өткен жылға қарағанда жоғары бағалайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының зерттеуінде айтылған, деп жазады Finprom.kz.
Жедел медициналық жәрдем орталықтары көрсететін қызметтердің сапасына толық қанағаттанған қазақстандықтардың үлесі – 54,6 пайызды, өрт сөндіру қызметі – 50,2 пайызды құрады.
Полиция көрсететін қызметтердің сапасына қанағаттанған қазақстандықтардың үлесі – 43,7 пайызды, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы – 43,3 пайызды, салық қызметі – 43 пайызды, басқа мемлекеттік қызметтерге қанағаттанатындардың үлесі 39,9 пайызды құрады.
Ескерте кетейік, респонденттерге “қанағаттанбаймын”, “ішінара қанағаттанамын” және “қанағаттанамын”, сондай-ақ “жауап беруге қиналамын немесе қолданылмайды” жауап нұсқалары ұсынылды.
Зерттеу ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына көбірек қанағаттанатынын көрсетті.
Мәселен, жедел медициналық жәрдем орталықтарының қызметтеріне ауыл тұрғындарының 56,9 пайызы, қала тұрғындарының 53,3 пайызы, салық қызметіне – ауыл тұрғындарының 49,6 пайызы және қала тұрғындарының тек 39,5 пайызы, ХҚКО-ларға – ауылда 48,7 пайызы және қалада 40,4 пайызы, полицияға – қаладағы 41,1 пайызға қарағанда ауыл тұрғындарының 48,5 пайызы қанағаттанды. Өрт сөндіру қызметтеріне екі топтың да жартысы қанағаттанын айтты.
Респонденттер көбінесе полиция қызметіне қанағаттанбайды. Зерттеуге қатысушылардың 4,4 пайызы бірден теріс баға берді.
Салық қызметтеріне респонденттердің 2,8 пайызының, ХҚКО-ға – 2,6 пайызы, жедел медициналық жәрдем орталықтарына – 2,5 пайызы, өрт сөндіру қызметіне –1,5 пайызының көңілі толмайды.