Хабар

Халықаралық жастар күніне арналған іс-шараларға 800 мың қазақстандық қатысады

12 тамызда Халықаралық жастар күні аясында бүкіл ел бойынша жастарды қолдауға және оларды мемлекеттің қоғамдық өміріне тартуға бағытталған 200-ден астам онлайн-іс-шара өткізу жоспарланған.

Іс-шаралар аясында 800 мыңнан астам жастар қамтылады.

Барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жастардың өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолдарын ұсынатын өңір әкімдері жанындағы кеңес отырыстарын, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында қайырымдылық іс-шараларын және волонтерлердің қатысуымен экологиялық акцияларды өткізу жоспарланған.

Халықаралық жастар күні іс-шараларының маңызды бөлігі ЖОО және ТжКБ ұйымдарының түлектерін, NEET санатындағы жастарды және т. б. жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында вакансия жәрмеңкелерін ұйымдастыру болады.

Еліміздің барлық өңірлеріндегі іс-шаралардың жас қатысушылары мемлекеттік қолдау шаралары бойынша онлайн-консультациялар алады, сондай-ақ мотивациялық және құқықтық дағдыларды, кәсіпкерлік және цифрлық құзыреттерді дамыту бойынша вебинарларға қатысады.

Бұдан басқа, әлеуметтік желілерде экологиялық және қайырымдылық іс-шаралар, ағартушылық челлендждер ұйымдастырылады.

Анықтама ретінде:

Халықаралық жастар күні – 12 тамызда атап өтілетін жыл сайынғы мереке. 2000 жылдан бастап, 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 12 тамызды Халықаралық жастар күні деп жариялау туралы жастар министрлерінің дүниежүзілік конференциясының ұсынысын қолдағаннан бастап атап өтілуде.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button