Хабар

ТЖМ жылыту маусымына байланысты ескерту жариялады

Күздің суық күндерінің басталуына байланысты ТЖМ тұрғындарға пеш жабдықтарын жылыту маусымына дайындауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

«Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін мұржалары мен басқа да элементтері тікелей жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде: үш айда бір рет – жылыту пештері, екі айда бір рет – үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар күйеден тазартылуы тиіс», деп ескертеді ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ хабарлауынша, пеш жаққан кезде:

  • жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ балаларға тапсырып кетуге;
  • отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы қағазға қоюға;
  • қатты отынмен жанатын пешке тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
  • қатты отынға арналмаған пешті көмірмен, кокспен және газбен жағуға;
  • үй-жайларда жиналыс және басқа да бұқаралық іс-шара өткізу кезінде пеш жағуға;
  • пешті қыздыруға;
  • аяқ киім, киім, отын сынды жанғыш заттар мен материалдарды пештен 0,5 метрден жақын жерде кептіруге;
  • желдету және газ каналдарын мұржалар ретінде пайдалануға;
  • диаметрі 15 мм кем саңылауы бар жапқыштарды пайдалануға;
  • ақауы, саңылауы бар пешті жағуға тыйым салынады.

Өрт шыға қалған жағдайда немесе түтіндену иісін сезсеңіз “101” телефоны немесе ұялы байланыс арқылы “112” нөміріне шұғыл хабарласыңыздар!

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button