Новости

Тоқаев туған күнді тойлаудан бас тартты

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Тоқаев үшін бұл күн – әдеттегі жұмыс күні.

Ол осы күні жұмыс орнында болады. Бұл күнге байланысты ешқандай іс-шаралар жоспарланбаған, әкімшілік қызметкерлерінен де құттықтаудан бас тарту сұралған. Мемлекет басшысы былтыр да дәл осындай ұстанымда болған.

“Бұл – Президенттің ұстанымы. Оның отбасында балалардың да, ата-аналардың да туған күндерін атап өту әдетке айналмаған”, – деп түсіндірді Берік Уәли.

Бірақ, Малайзия премьер-министрі Тоқаевқа туған күніне шағын сыйлық жасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салған болатын. Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты тәтті бәліш ұсынып бүгінгі туған күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 71 жасқа толды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button