Хабар

Телефонмен жасалатын алаяқтықтан қалай сақтануға болады

Телефон нөмірі әсіресе кез келген ресми нөмірге ұқсас болса, алаяқтардың тиімді құралына айналады. Оларға алданып қалмаудың қандай амалдары бар? Ол жайында Fingramota.kz бірқатар ақыл-кеңес ұсынды.

Неден сақтану керек?

Алаяқтар қолданатын әлеуметтік инженерияның заманауи әдістері тіпті тәжірибелі және қаржылық сауатты адамды да шатастыруы мүмкін.

Сондықтан азаматтардың қаражатты жоғалтуына байланысты көп жағдайларда зардап шеккендер шотқа қол жеткізу үшін барлық қажетті ақпаратты алаяқтарға өздері хабарлайды.

Сонымен қатар, алаяқтар көбінесе нақты телефон нөмірін жасыратын арнайы бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады.

Сондықтан, сіздің телефоныңызда банктің таныс нөмірі болса да, бұл сөзсіз сенімге себеп емес.

Егер күмәніңіз болса, дереу жедел желі нөмірін немесе Банктің call-орталығын қолмен теріңіз – оларды әрқашан банк картасының артқы жағынан немесе банктің ресми сайтынан табуға болады.

Алаяқтар өздерін қалай жасырады?

Алаяқтар әдетте өздерін қаржы ұйымының қауіпсіздік немесе киберқауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері ретінде ұсынады және «жүйе іске қосылып кетті» деп хабарлайды.

Олардың айтуынша, дәл осы сәтте «клиенттің картасы немесе шоты бойынша күдікті операция жүргізіледі».

Оны тоқтату үшін Сіз дәл қазір банк ұялы телефонға жіберетін код сөзін немесе SMS кодын атауыңыз керек.

Сонымен қатар, алаяқтардың өздері картаның толық мәліметтерін және тіпті оның иесінің жеке куәліктерінің деректерін атайды.

Қазіргі кездегі қылмыскерлер психологиямен жақсы таныс: жылдам және сенімді түрде сөйлейді, кәсіби терминдерді пайдаланады, офистің жұмысына ұқсайтын дыбыстардың реңін келтіреді.

Осының барлығы олардың сеніміне кіруге көмектеседі және әңгімелесушінің қырағылығын төмендетеді. Бұл ретте олар клиентті асықтырады және қорқытады, оның сезіміне қысым жасайды және түзетілмейтін кемшіліктің болғанына сендіреді.

Егер адам қобалжитын болса немесе ақпаратты ашудан бас тартса, оны оның картасындағы және шоттарындағы ақшаны осы қазір жоғалтады деп қорқытады.

Осындай жағдайда не істеу керек?

Егер банктің қауіпсіздік қызметіненмін немесе тіпті «жеке менеджеріңмін» деп қоңырау шалса, әңгімені бірден үзіп, тұтқаны қойған дұрыс. Себебі банктің қызметкері ешқашан осы деректерді сұрамайды және бірінші болып қоңырау шалмайды.

Сонымен қатар, нағыз банк менеджеріне сіз туралы ақпаратты: тегіңізді және төлқұжат деректеріңізді, ресімделген карталарды және олардың деректемелерін, сондай-ақ ақша қаражатының қалдығын нақтылау үшін қоңырау шалудың қажеті жоқ.

Банкте сіздің толық қаржы мәліметі ңіз және кредит тарихыңыз бар. Сондықтан банктің қызметкерлері осы мәселе бойынша ешқашан қоңырау шалмайды. Бұл ақпараты алаяқтар үшін ғана маңызды.

Банктің қызметкерлері сізден операцияларды және ақы төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті банк картаңыздың деректерін мүлдем сұрамайды.

Тіпті автоматтандырылған банк жүйелерінен келетін SMS-те де «Кодты ешкімге, тіпті банктің қызметкерлеріне де бермеңіз» деп көрсетіледі.

Картаның қолданылу мерзімін де, CVC/CVV-кодтарды (сыртқы жағында көрсетілген үш мәнді код), код сөзін және ақша қаражатының қалдығын айтуға болмайды.

Егер сіздің картаңыз немесе шотыңыз бойынша расында да күмәнді операциялар жүргізілсе, банк оларды оқшаулайды және картаңызды бұғаттап тастайды, ол туралы мобильдік қосымшада немесе SMS арқылы хабарлайды.

Сол кезде сіз өзіңіз не call-орталық, не бөлімшесіне бару арқылы банкпен өзара іс-қимыл жасай бастайсыз. Осылайша, қаржы ұйымының «қауіпсіздік аясында» боласыз.

Хабарласып тұрған адамның не айтқанына қарамастан, ешқашан үрейге берілмеңіз, тұтқаны қойып, банктің call-орталығына өзіңіз хабарласыңыз.

Алаяқтық қаржылық алаяқтық қана болмайды

Соңғы екі жылда алаяқтық қылмыстың ең кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Қылмыстың жалпы құрылымында алаяқтықтың үлесі 10%-дан 13,3%-ға дейін өсіп, ұрлықтан кейін екінші орында тұр.

Телефонмен жасалатын алаяқтық түрлерінің ішінде құқық қорғау органдардан хабарласып тұрмыз-дейтін алаяқтықты атап өтуге болады. Ол қаржылық алаяқтыққа тікелей жатпаса да Fingramota.kz олар жайында да ескертеді.

Біріншіден, алаяқтар құжаттар мен түрлі хабарламаларды қолдан жасау үшін бағдарламалық қамтылымды пайдалануы мүмкін.

Егер сіздің ақпаратыңыз қандай да бір жолмен алаяқтардың қолына түссе, олар, мәселен, салық органынан және прокуратурадан жалған хат жазып, оны сіздің электрондық поштаңызға немесе мессенджерлер арқылы жіберуі мүмкін, содан кейін алаяқ өзі жеке хабарласып, қорқытып, бопсалап, «жақсылықпен келісуді», мысалы, сіз электрондық әмиянға белгілі бір соманы жіберсеңіз, іс одан әрі насырға шаппайды деуі мүмкін.

Пара беру қылмыс екенін атап өтеміз. Сондықтан да мәселені ешқашан пара беріп шешуге болмайды. Сонымен бірге егер расында айыппұлыңыз болса, алаяқтарға жіберген аударым сізді одан босата алмайды.

Кейде алаяқ сіздің берешегіңіз туралы біліп алып, сізден ақша сұрайды, одан соң ізін суытады. Айыппұлыңыз бен берешегіңіз одан ешқайда кетпейді.

Алаяқтардың түрлері мен әдістері көп

Сонымен, алаяқтықтың өте күрделі тәсілі ішкі органдардың атын жамылып, солардың атынан қоңырау шалу болып табылады. Алаяқтар сіздің танысыңыздың, досыңыздың немесе туысыңыздың ісімен айналысатын заң қызметкері ретінде өздерін таныстырады.

Олар үлкен проблемаларға тап болды, ауыр қылмыс жасады дегендей. Мысалы, ол адамды қағып кетті, немесе біреуді ұрды, немесе террористік ұйымда бой көрсетті немесе ауыр есірткі түрін таратты дегендей.

Қалай болғанда да, жасалған қылмыс өте ауыр, ал оның салдары тіпті қорқынышты болатындай етіп көрсетіледі. Сосын мәселені белгілі бір ақша мөлшерімен шешуге болатынын айтады.

Бір жағынан, бұл адамға әсер ету үшін жеткілікті, екінші жағынан, ақша соншалықты төлей алмайтындай көп емес.

Негізінен, мұндай алдаудың құрбаны қарттар болып келеді, олар жақын адамдарына көмектесу үшін соңғы ақшаларын беруге дайын.

Әдетте абоненттің қоңырауларға қол жеткізе алмауы – қосымша стресс фактор. Алаяқтар мұны да біліп алуға тырысады. Сұрақтарды осы сәттен бастаған дұрыс.

Әлеуетті күдікті қай полиция бөлімшесінде? Оған қандай бап тағылып отыр? Қылмыстық әрекет қашан жасалды? Адвокаттың көмегі көрсетілді ме және бұл адвокаттың аты кім?

Бұдан басқа, ҚР ІІМ жедел желі телефонына және өзіңіздің аудандық полиция бөлімшесіне қоңырау шалуыңыз керек.

Қандай жағдайда болмаса да абыржымаңыз. Ақшаны бейтаныс адамдарға бермеңіз және олардың шотына аудармаңыз.

inform.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button