Хабар

Қазақстандықтар қазан мен желтоқсанда қалай демалады?

Қазақстанда Республика күні ресми түрде қайтарылды, осыған байланысты қазанға бір демалыс күні қосылады. Желтоқсанда, керісінше, бір демалыс күні алып тасталды. Мерекелердің жаңартылған күнтізбесін ұсынамыз.

Биылдан бастап 25 қазан – ұлттық мейрам Республика күні. Ол биыл сейсенбіге түсіп тұр. Осыған орай, мереке күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланып отыр.

Сонымен, сенбі, 22 қазан – жұмыс күні. Ал Республика күні қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады: 23, 24 және 25 қазан.

Қарашада мереке күндері жоқ.

Желтоқсанда қазақстандықтарды тағы өзгерістер күтіп тұр.

Біріншіден, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні демалыс болмайды. Ол мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталды, енді ол Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы даталарға және әлеуметтік мәні жоғары әлеуеті бар басқа да даталарға ұқсас болып қалдырылды.

Биыл 1 желтоқсан бейсенбіге сәйкес келеді және толық жұмыс күні.

Екіншіден, биыл Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды. Енді мереке тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады. Ал 17 желтоқсан жұмыс күні болады.

Биыл 17 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді және аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін демалыс күні болады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button