НовостиПроисшествия

Қарағанды облысының полицейлері зейнеткерді алаяқтардың арбауынан құтқарды

Қарағанды облысы Абай ауданының 71 жастағы тұрғыны телефонына түскен белгісіз қоңырауға жауап беремін деп алаяқтың арбауына түскен. “Банктің қауіпсіздік қызметінің маманымын” деп қоңырау соққан белгісіз біреу азаматшадан 3 миллион теңге несиесін жабуын талап еткен.

Тұрғынға телефон соққандар облыс орталығына келу үшін такси жалдап берген. Жолай азаматшаның күдік тудырған басқа біреумен телефон арқылы әңгімесін естіген такси жүргізушісі жергілікті жердің полиция қызметкерлеріне хабар берген.

Жүргізуші бірнеше сылтау айтып, тәртіп сақшылары келгенше уақыт соза тұрған.

Абай аудандық полиция қызметкерлері зейнеткерге кімге ақша аударайын деп жатқанын түсіндірген. Такси жүргізушісі зейнеткер мен полиция қызметкерлерін алғашында банкке, кейін алаяқтар берген нұсқау бойынша “ақша аудару” үшін сауда үйіндегі терминалға апарған, бірақ ешқандай ақша аудармаған. Кейін сауда үйіне барғанда зейнеткер алаяқтарға сол жердегі терминалдың жұмыс істемей қалғанын және өзінің денсаулығы нашарлап кеткенін айтқан. Сол кезде алаяқтар зейнеткерге дауыс көтеріп, қорқыта бастаған. Алайда олар зейнеткердің жанында полиция қызметкерлері болғанын сезбеген.

Polisia.kz ақпараты бойынша

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button