Таң әлде кеш: Сабақты қай уақытта қараған дұрыс?

Емтихан мен бақылау жұмысын немесе басқа да жауапты тапсырма орындарда оқушы да, студент те сабаққа бас қоятыны бар. Берген материалдың бәрін жаттауға, мұқият оқуға көшеді. Оқығанның бәрі есте қалғаны аса маңызды. Оның үстіне, уақыт та тығыз. Не істемек керек? Қалай барынша тез оқып, есте сақтаймыз?

Содан оқушының ойында тез жаттау үшін таңертең оқиын ба әлде кешке оқиын ба деген сауал туады? Ми тыныққан соң, оқыған да пайдалы, әрине.

Бірақ мамандар сабақты таңертең емес, кешке, ұйықтар алдында оқығанның пайдасы көбірек дегенді айтады. Неге десеңіз, адамның ұйқысы жаттаған сабақты есте сақтауға көмектеседі екен. «Күндіз не ойласаң, түсіңде соны көресің» дейді халқымыз. Соның шындығы бар болып шықты.

Яғни, ұйықтар алдында сабақты жаттап, қарап, ойыңызға тоқып алсаңыз, ұйықтағаннан кейін соны адам миы өзіне тоқып алатын көрінеді. Бұл да бір мидың ерекшелігі.

Сондықтан мамандар ұйықтар алдында оқитын материалдың бәрін оқып алып барып ұйықтаған жөн дегенді алға тартады.

Тағы бір кеңес – сабақты топтық жұмыспен қарау. Яғни, басқа сыныптас не топтас достарыңызбен бірге қарасаңыз – соғұрлым есте қалмақ.

Сабақ қарарда смартфон, теледидар сынды назар бұзар заттарды алып тастаған жөн.

massaget.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

Алдағы қыс қандай болады: Қазгидромет болжамы

«Қазгидромет» РМК 2021 жылғы қараша — 2022 жылғы наурыз айларына консультативтік маусымдық ауа райы болжамын …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *