Хабар

Төтенше жағдайдан жапа шеккен азаматтарға сақтандыру төлемі беріледі

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға сақтандыру төлемін қалай алуға болатынын түсіндірді.

Алматыда және еліміздің басқа да өңірлерінде болған террорлық актілердің нәтижесінде тұрғындар да, кәсіпкерлік субъектілері де зардап шекті. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келді, олардың мүлкі зардап шекті. Бизнесі тоқтатылып, мүлкі бүлінген кәсіпкерлер үлкен шығынға ұшырады.

Сақтандыру халықты әлеуметтік қорғаудың сапалы институты және экономиканы қаржыландырудың ұзақ мерзімді көзі болып табылады. Жасалған сақтандыру шартының болуы сақтанушыны және оның мүлкін тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз етеді.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына, азаматтардың және кәсіпкерлік субъектілерінің мүлкіне келтірілген зиянды сақтандыру сақтандырудың ерікті сыныптары шеңберінде жүзеге асырылады. Сақтандыру шарттары және сақтандырудың ерікті сыныптары бойынша сақтандыру төлемдерін алу тәртібі сақтандыру келісім-шарттарымен айқындалады.

Осылайша, егер азамат немесе кәсіпкер ерікті сақтандыру шартын жасаса және сақтандыру жағдайы орын алса, яғни нәтижесінде өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірілген оқиға болса, бірінші кезекте, жасалған сақтандыру келісім-шартының талаптарын талдау қажет.

Келісім-шартта сақтандыру жағдайы ретінде қандай оқиғалар белгіленгеніне, сақтандыру сомасының және белгіленген сақтандыру төлемінің мөлшеріне, қандай жағдайларда сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін алудан бас тартуға құқылы екендігіне және келісім-шарттың басқа да елеулі талаптарына назар аудару қажет.

Әрі қарай, егер сақтандыру шартында келтіріген шығындарды өтеу қарастырылған болса, сіз сақтандыру төлемін алу үшін келісім-шарт жасалған сақтандыру компаниясына жүгінуіңіз керек. Сақтандыру жағдайы болған кезде сақтандыру компаниясына ұсынылуы тиіс құжаттардың тізбесі шартпен айқындалған.

Сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан заңсыз бас тартқан жағдайда, Сіз өз құқығыңызды қорғау үшін сақтандыру омбудсманына (мекенжайы: Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28/7, “Бай – Тал” ТК аумағы, 2-қабат, электрондық поштасы office@omb.kz, телефоны: (727) 382-41-74, сайты: www.insurance-ombudsman.kz), немесе Агенттікке жүгінуге құқылысыз.

massaget.kz(https://massaget.kz/mangilik_el/janalyiktar/67191/)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button