Хабар

«Тә­уел­сіз­дік: Сөз бен Су­рет» – ақындар мен суретшілерді республикалық онлайн-байқауына қатысуға шақырады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына орай Қара­ғанды облысы әкімдігі мәде­ниет, архивтер және құжаттама бас­­­қармасының қол­да­уымен «Мәдениет пор­­талы» ақпараттық агент­тігі ұйым­дас­тыр­ған «Тә­уел­сіз­дік: Сөз бен Су­рет» атты ақын­­дар мен су­рет­ші­лер арасындағы рес­пуб­­ли­калық онлайн-бай­қауы жарияланды. Өнер бәйгесінің жалпы жүл­де қоры – 7 600 000 теңге.

Елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатқан жобаның негізі мақсаты – өңір-өңірдегі суретшілер мен ақындардың шығармаларын наси­хаттау һәм таныту, олардың туын­дылары арқылы Қарағанды об­лысының тарихи тұлғаларын, мә­дени ескерткіштерін, сакралды орын­дарын, табиғатын, тәуелсіздік кезеңінде өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың есімін асқақтату, поэ­зия мен сурет өнерінің үндестігін бағалау әрі бағамдау, оқырман қауымның модерндік ортасын қа­лыптастыру болып отыр. Қазақ және орыс тілінде өтетін өнер са­йысы­на қатысушы ақындар мен суретшілердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Кез келген дарынды үміткер бұрын жарияланбаған шығармасын «Мә­дениет порталына» тіркеу арқылы қатыса алады.

«Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауы аясында жеңімпаз ақындардың өлеңдері қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударылып, суретшілердің картиналарымен бірге арнайы альбом дайындалмақ. Сондай-ақ жүл­дегерлердің шығармаларынан құ­ралған альбом ағылшын және орыс тілді мемлекеттердің ұлттық кітап­ха­наларына жолданады. Мұ­нымен қоса альбом арнайы түсірілген бейнероликтерге сілтеме берілген QR-кодтармен жарық көрмек.

Жүлделер жеңімпаздарға келесідей тапсырылады:

– екі бас жүлде /әр ақын мен суретшіге / тең бөлінеді – екеуіне 2 миллион теңге;

– екі I орын / әр ақын мен суретшіге / тең бөлінеді – екі адамға 1 миллион 600 мың теңге;

– төрт ІІ орын / әр ақын мен суретшіге / тең бөлінеді – төртеуіне 2 миллион теңге;

– алты ІІІ орын / әр ақын мен суретшіге – алты адамға 1 миллион 800 мың теңгеге тең бөлінеді;

– екі ынталандыру сыйлығы/ әр ақын мен суретшіге / тең бөлінеді – екеуіне 200 мың теңге.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button