Хабар

Тұмау мен Covid-19 күшейді. Жаңа жыл кешіне тыйым салына ма?

Министрдің айтуынша, елдегі жұқпалы аурулар ауруханаларында 300 адам жатыр. Кей жерлерде шаралар күшейтілген.

Жаңа жыл кештеріне рұқсат беру туралы шешімді әр өңірдің санитар дәрігері қабылдауға құқылы. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында айтты.

“Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай ешқандай шектеу шараларын қабылдауды талап етпейді. Біз мұны көмек сұрап жүгінген науқастардың жағдайының ауырлығына қарай бағалаймыз. Бүгінде елдегі жұқпалы аурулар ауруханаларында 300 адам жатыр. Кей жерлерде шаралар күшейтілген. Әр санитарлық дәрігер аймақтағы жағдай туралы шешім қабылдауға құқылы. Олардың республикадағы жағдайға байланысты шараларды қатаңдатуға құқығы бар. ЖРВИ, тұмау және ауа-тамшы жолдары арқылы берілетін инфекциялардың маусымдық өсуін ескере отырып, біз ұсыныстар береміз. Мамандар процесті оқшаулау және контактілерді бақылау бойынша жұмыс істеп жатыр”, – деді министр.

Журналистер Ажар Ғинияттан “Денсаулық сақтау министрлігінде Жаңа жыл кеші бола ма?” деп сұрады. 

“Министрліктің орталық аппаратында да Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс істейді. Олар қабылданған барлық ережелерге бағынады. Болады”, – деді министр.

Министр “Сіз жаңа жыл кешіне қатысасыз ба?” деген сауалға: “Білмеймін, қарап көрейін”, – деп жауап берді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button