Без рубрикиЗдоровьеКультураНовости
Сирень немесе Мамыргүл
Мамыр айында көзді қуантатын сирень гүлінің пайдалы қасиеттері
Сирень немесе Мамыргүл – зәйтүндер тұқымдасына жататын бұталар тегі. Ол мамыр айында гүлдейтіндіктен, халық арасында «мамыргүл» деп те атайды. Биіктігі 3-3,5 метр. Табиғатта 30-дан астам түрі мен 2300-ден астам мәдени сорттары бар.
Құрамында эфир майы мен глюкозид және тер шығаратын, ауруды басатын қасиеті бар. Сирень гүлінің тұнбасын көкжөтелге және бүйрек ауруларына қолданады. Жапырағын жаралардың іріңін шығару үшін пайдаланады және халық медицинасында өкпе туберкулезін емдеуге қолданылатын шөптер қосындысының құрамына енеді.
- Сирень гүлінің иісі ағзаға қуат сыйлайды және жаман энергиядан тазалайды.
- Сирень гүлін тіпті кеңсе бөлмесіне қойсаңыз жұмысқа деген қабілетті арттырады.
- Сиреньді балаңыз сабақ оқитын бөлмесіне қойп қойсаңыз, оның сабаққа деген зейінін арттырып, есте сақтау қабілетін күшейтеді.
- Жапырақтарынан шай жасап ішсеңіз бронхитті және астманы алдын алуға көмектеседі.
- Сиреньнің бұтақтары мен тамырын қайнатып, тұнбаны жараға, аллергия бөртпесіне жақса тез жазылуына және денеде із қалдырмауға көмектеседі.
Сирень гүлі ерекше күтім қажет етпейді және топырақ таңдамайды!
Сирень гүлі тек әдемілігімен көзді куантып қана қоймай, емдік қасиеттерімен ерекшелінеді!