Шілдеде ауа райы қандай болады – «Қазгидромет» болжамы
«Қазгидромет» РМК-сы 2021 жылдың шілде айындағы консультативтік ауа райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын тартқан мәліметтерге қарағанда, шілде айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары болады, еліміздің солтүстік жартысында норма шамасында болады деп болжам жасалып отыр.
Шілдеде Қазақстан аумағында күн ыстық ал жауын-шашын аз болады. Тек кейбір күндері циклондардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, желдің күші секундына 15-25 метрге жетеді.
Республиканың батысында шілде айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Түнде термометр бағаналары +19+28°С-тан +12+23°С-қа дейін, күндіз +30+38°С, оңтүстік-батыста +41°С-тан +24+32°С-қа дейін төмендейді.
Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы: түнде +15+25°С, күндіз +33+38°С, кей жерлерде +41°С; еліміздің оңтүстік жартысында – түнде +20+30°С, күндіз +37+45°С, таулы аудандарда +30°С, бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасының 10-15°С төмендеуі болжанады.
Аптап ыстық елдің да шығысына жетеді. Ауа температурасы түнде +12+20°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +33+41°С-қа дейін жоғарылайды, онкүндіктің соңында ауа температураның 7-10°С-қа төмендеуі болжанады.
Бірінші онкүндікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады, желдің күшейеді (дауыл, шаңды дауыл) айдың басында еліміздің батысында және солтүстік-батысында, 5-7 шілдеде Қазақстанның солтүстігі мен орталығында, онкүндіктің аяғында оңтүстік және шығыс бөліктерінде болуы мүмкін.
Шілде айының екінші онкүндігінің басында алдымен ҚР батысы мен солтүстік-батысында ауа температурасы жоғарылайды, содан кейін онкүндіктің ортасынан республиканың барлық аумағында температуралық фонның тағы жоғарылауы болжанады.
Батыста және солтүстік-батыста: түнде +22+30°С-қа дейін, күндіз +33+43°С-қа дейін;
Солтүстікте, орталықта және шығыста: түнде +15+23°С-қа дейін, күндіз +28+39°С-қа дейін;
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста: түнде +18+27°С-қа дейін, күндіз +35+43°С-қа дейін;
Үшінші онкүндікте еліміздің оңтүстік бөлігінде ауа температурасының түнде +10+17°С-тан +17+25°С-қа дейін, күндіз +22+33°С-тан +30+38°С-қа дейін, солтүстік жартысында түнде +5+13°С-тан +13+20°С-қа дейін, күндіз +18+26°С-тан +26+33°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.