Сатып аларда тауардың ұрланған екенін қалай білеміз: заңгер кеңесі
Әлеуметтік желіде жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматыдағы дүкендерді тонаушылардың сансыз видеолары әлі де тарап жатыр. Талан-тараждан кейін қазақстандықтар әртүрлі күмәнді тауарларды өте арзан бағамен сату туралы жарнамаларды байқай бастады. Жүздеген жарнамалардың арасында ұрланған өнімді қалай сатып алмауға болады? Заңгерлер мәселенің мән-жайын түсіндірді.
Қазақстандық жарнама сайттарында кейбір тауарларды жарты бағасына сататындар көбейіп кетті. Олар бірден сатып алған күнін көрсетіп, тауардың түбіртегі бар екеніне және ұрланбағанын жазып жатыр. Басқалары тіпті телефонмен бірге ресми кепілдік талонын да суретке түсірген.
Расында да, бірінші кезекте фискалды чек пен тауардың құжаттарын талап ету керек, – деп кеңес береді Нұр-Сұлтан қаласы адвокаттар алқасының мүшесі Эльмира Ассаубаева.
“Әр ұялы телефонның немесе тауардың өзінің сериялық нөмірі болады. Бөлшек саудада әрбір өнім осы нөмірмен есептеледі. Сайтта сатылатын өнімді сатып алғыңыз келсе, сіз төлқұжат, өнім сапасының сертификаты, сонымен қатар фискалды чекті сұрауға құқылысыз. Осының бәрі сатушының тауарды өз қаражаты есебінен шын мәнінде сатып алғанын растау болады. Сонымен қатар, сатушы тауарға қоса тіркелетін барлық құжаттарды ұсынуға міндетті. Осының барлығы тауарға қатысты”, – деді астаналық заңгер.
Дегенмен, тауарын жарнамалайтын адамдардың ылғи тауарға қатысты фискалды чек пен құжаттарды ұсынуға мүмкіндігі бола бермейді. Мұндай жағдайда заңгер Асқар Үсенбаев қазақстандықтарға сатып алу-сату шартын жасау арқылы өздерін қорғауға кеңес береді.
“ҚР АК 406-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне беруге, ал сатып алушы оның ақшасын төлеп сатып алуға құқылы. Өкінішке қарай, іс жүзінде мұны бәрі ескере бермейді. Сатушы да сатып алушы да жәй ғана бір-біріне сенеді. Бұл жағдайда мен қарапайым жазбаша түбіртек алуды ұсынамын. Сатушыдан белгілі бір атаудағы және сападағы тауарды шынымен сатып алушыға келісілген сомаға сатқанын мәлімдеген жазбаша қолхат алыңыз”, – деп кеңес береді қазақстандық заңгер.
Бұл ретте Үсенбаев сатушының хабарландыруын, оның телефон нөмірін және егер бар болса, сатушымен хат алмасуды сақтауға кеңес береді. Мұның бәрі сатып алынған тауарды сатушы қылмыстық жолмен алғаны анықталған жағдайда пайдалы болуы мүмкін.
Сатып алушының қылмыстық құқық бұзушылық ісіне қатыспауы үшін түбіртек, сатушының хабарландыруы, оның телефон нөмірі мен хат-хабарлары кінәсіздігінің дәлелі болады.
“Бұл ретте полицейлер тауарды тәркілеуге және оларды қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде тіркеуге құқылы және бұл тауардың тағдырын тек сот шешеді, бірінші кезекте тауарлар бастапқы иесіне қайтарылады. Бұл ретте сатушы АК-тің 414-бабының 1-бөлігіне сәйкес тауарды үшінші тұлғалар сатып алушыдан негіз бойынша алып қойған кезде, сатушы сатып алушыға келтірілген шығынды өтеуге міндетті”, – деп қосты Асқар Үсенбаев.
Дүкен иелері қолма-қол сатып алу қаупі туралы бұрын ескерткен. Мұндай өнімдер ұрланған болуы мүмкін, деп түсіндірді АО Technodom Operato.