Воскресенье, 24.10.2021

Сәтті күн

Дүйсенбіден жұмаға дейін «Сәтті күн» бағдарламасы көрермені мен тыңдарманына жол тартады. Қызықты әрі жұлдызды жаңалықтар, керек мәліметтер, күнтізбе — осының барлығы тікелей эфирде.

«Жұлдызды қонақ» айдарында өнерде, спортта, басқа да салаларда танымал болып жүрген қонақтар студияға шақырылады. Соңында қонақкәде де бар. Жұма күндері «ақпараттар әлемі» айдары өңір мен ел жаңалықтарынан құлағдар етеді.

Айжан Керім

Марсқа ұшатын болсаңыз өзіңізбен не алар едіңіз? Марсқа ұшатын болсам өзіммен бірге су, дәптер, қалам және камера алар едім. Су тірі жүруім үшін. Камерамен көргенімнің барлығын суретке түсіріп, ғаламның ғажайыбын дәптеріме жазар едім.

Сүйікті фильміңіз: Нақты мына фильм,- деп айта алмас едім.  Мән-мағынасы терең, ой-өрісімнің өсуіне әсерін беретін, тәрбиелік мәні зор фильмдерді ғана көремін.

Сүйікті әніңіз: Мархаба Саби «Қой күрсінбе» Сөздері арқылы еркіндікті сезініп, шүкірің артады.

Сүйікті әртісіңіз: Жалғыз әртіспен шектегім келмейді. Көрген фильмдерімде ойнаған барлық әртістің еңбегін бағалаймын әрі жақсы көремін.

Таңшолпан Салтанатқызы

Марсқа ұшатын болсаңыз өзіңізбен не алар едіңіз? Фотоаппарат. Суретке түсіру үшін.

Сүйікті фильміңіз: «Великолепный век » менің сүйікті кином, өйткені бұл менің жалғыз  сүйіп көрген кином.
Жақсы декорация, лайықты актерлік шеберлік, мықты сюжет.

Сүйікті әніңіз: Сүйікті әнім Нұрболат Абдуллин «Сүйемин» Бұл әнді адамдар біледі және жақсы көреді,әсерлі ән.

Сүйікті әртісіңіз: Уилл Смит. Американдық актер Уилл Смит қатты ұнайды. Менің ойымша, бұл Голливудтағы ең талантты актердің бірі.

Ақзия Әбдіқадірқызы

Марсқа ұшатын болсаңыз өзіңізбен не алар едіңіз? Телефон, стеліктерді қарап, сағынышымды басып, блокнотқа жаза да аламын.

Сүйікті фильміңіз: «До встречи с тобой». Өз мүмкіндігіңді білу, іске асыруға махаббаттың әсері мол екендігін ұғындырады.

Сүйікті әніңіз: «Күнім, сен сөнбеші», қамқорлыққа, сезімге толы ән.

Сүйікті әртісіңіз: Эмилия Кларк . Харизмасы ұнайды.