Хабар

Республикалық автожолдардағы ахуал

Бүгінгі күні республикалық маңызы бар күре жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 535 қызметкер мен 333 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Жолшылар тәулік бойы күшейтілген режимде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жалғастыруда. Мәселен, өткен демалыс күндері жолшылар республикалық автожолдарды өңдеуге 400 м3 астам құм-тұз қоспасын жұмсады. Сондай-ақ, демалыс күндері ҚазАвтоЖол қызметкерлері республикалық трассаларды пайдаланушыларға көмек көрсетті. 

Мысалы, “Алматы-Екатеринбург” автожолының (“Астана-Теміртау” ақылы учаскесі) 1365 шақырымында 5 желтоқсан түнгі сағат 01:00 шамасында Татарстаннан Саран қаласына сапар шеккен көлік бұзылып, тұрып қалды. Учаскені тікелей қадағалайтын кезекшіліктегі жолшы маман 15 минут ішінде көлік тұрып қалған жол учаскесіне келіп, үш жолаушыны базаға эвакуациялайды. Көлікті де сол базаға сүйрейді. 

Сондай-ақ, 5 желтоқсан түнгі сағат 02:00 шамасында “Ақтөбе-Ақтау” бағытында жол жүрген жүргізушіге көмек көрсетілді. Дизельді қозғалтқышта жанармайы таусылған жүргізуші тоңып, ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына жүгінді. Жолшылар оған жанармай апарып, көмектесті. 

Ал Ақтөбе облысындағы М-32 трассасында жолшылар бұзылып, жолда тұрып қалған екі автокөлік құралын сүйреуге көмектесті. 

Штаттан тыс жағдай туындаса жүргізушілер мен жолаушыларға 1403 қысқа нөмірі бойынша ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына хабарласуға кеңес береміз.

Қазір қозғалысқа енгізілген шектеу жоқ, республикалық маңызы бар тасжолдар ашық. Күнделікті патрульдеу аясында ҚазАвтоЖол қызметкерлері жол жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button