Хабар

Полиция ескерту жасады: алаяқтар қазақстандықтарды алдауда ескі айла-амалға көшкен

Алдын алу шараларының күшейтілуіне және ауыспалы абоненттік нөмірлерден жасалатын алаяқтық қоңыраулардың бұғатталуына байланысты киберқылмыскерлер өздерінің ескі айла-амалдарына көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция соның бірін еске түсірді. Соңғы кезде егде жастағы адамдарға қатысты жасалатын алаяқтық фактілері жиілеп кеткен. Алаяқтар үй телефондарына хабарласып, өздерін сол кісілердің жақын туыстары ретінде таныстырып, жол апатына түскендерін айтып, мәселені шешу үшін ақша сұрайды. Одан кейін телефонды полиция қызметкеріне бергендей болады.

“Ал олар өз кезегінде қарт адамдардың сенгіштігін пайдаланып, жинаған қаражатын жол-көлік оқиғасында зардап шеккен адамға беруге немесе жақынын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін жұмсауға көндіреді. Жәбірленушілер ақшаны беруге келіскеннен кейін оларға қарай курьерді жібереді. Осыған орай біз азаматтарды, әсіресе қарт адамдарды мұқият болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырамыз! Егде жастағы туыстарыңызға алаяқтықтың осы түрі туралы ескертіңіздер”, – дейді ІІМ криминалдық полиция департаментінің басқарма бастығы Марат Төлеуханов.

Төлеуханов мұндай қоңыраулар түскен кезде телефонмен сөйлесуді тоқтатып, келіп түскен ақпаратты тексеру үшін аталған туыстармен байланысу қажет екенін ескертті. Ақпарат расталмаған жағдайда “102” нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласыңыздар.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button