Хабар

Пандемия кезіндегі қауіпсіз елдер рейтингі жарияланды

2020 жылдың қарашасынан бастап Bloomberg коронавирусқа төзімділігі жоғары елдердің рейтингін жариялап келеді. Сингапур пандемияға үздік “қарсылық көрсеткен” елдер тізімінің жоғарғы сатысына көтеріліп, рейтинг құрылғаннан бері көшбасшы болған Жаңа Зеландияны басып озды.

Бұл рейтингке әлемдегі дамыған 53 мемлекет кіреді. Оны құру кезінде елдердің экономикалық және әлеуметтік жағдайына назар аударылған. Блумберг елдердегі жағдайды 10 параметр бойынша талдайды. Атап айтқанда, аурулар саны, қайтыс болғандар саны, вакцинация процесі және ел бойынша адамдардың жүріп-тұру еркіндігі де ескерілген.

Сингапур алғаш рет рейтингтің жоғарғы сатысына көтерілді. Бұл вакцинация процесінің тез және дұрыс ұйымдастырылғанынан болды. Вакцинация бойынша көшбасшылардың бірі – Израиль 4-орынға көтерілді. Польша, Аргентина және Бразилия тізімнің соңында тұр.

Айта кетейік, 6 миллионға жуық халқы бар Сингапурда 61 мың адамнан коронавирус анықталды. Олардың отызы қайтыс болып, көпшілігі сауығып кетті. Осы уақытқа дейін 9,3 миллионға жуық сингапурлықтар коронавирусқа қарсы тест тапсырған. Бұл ел халқының санынан 4 миллионға артық.

Осы уақытқа дейін сингапурлықтардың 23 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинадан өткен. Халықтың 14%-ы екінші вакцинаны алған. Сингапурлықтар Pfizer және Moderna вакцинасын ақысыз ектіріп жатыр. Вакцина алғаннан кейін жағымсыз белгілерді сезінген ел азаматтарына мемлекет 7,5 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлейді.

massaget.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button