Пәтерді баланың атына қалай рәсімдеуге болады?

Krisha.kz ақпаратына сүйене отырып, баспананы баланың атына қалай сауатты рәсімдейтінін баяндаймыз.

Баланың мүддесін қорғап, оның атына жылжымайтын мүлік рәсімдеу екі тәсілмен жүзеге асады. Ол – нотариус арқылы сыйға тарту немесе сатып алу-сату келісімшартын жасау. Әдетте ата-ана баланы ажырасу немесе басқа жағдайлардан қорғау үшін осылай әрекет етеді.

Сонымен қатар кәмелетке толмаған азамат баспананы өсиет немесе заң бойынша мұраға ала алады.

Нотариус қызметінің ақысы:

  • сыйға тарту, сатып алу-сату келісімшартын куәландыру – 35 004 теңге;
  • мұраға алу құқығы туралы куәлік беру – 11 668 теңге.

Кәмелетке толмаған азамат 18 жасқа дейін баспанаға өз бетінше иелік ете алмайды. Үйдің иесі кәмелетке толмаған азамат болса, оның құқығы бұзылмайтынына көз жеткізген соң ғана мәміле жасасу қажет. Баланың ата-анасы мен қамқоршылары қорғаншылық органдарының келісімін алуға тиіс.

Келісім:

  • мұраға қалған мүлікке иелік етуге (жалға беру);
  • мүлікті немесе оның бөлігін иеліктен шығаруға (сату, айырбастау) беріледі.

Қорғаншылық органдары мынадай жағдайда келісім бермеуі мүмкін:

  • баланың баспанасын айырбастау, сыйға тарту мәмілелерін жасасқанда;
  • оның атынан кепілгерлік келісімшартын, үйді қайтарымсыз пайдалану үшін жалға беру немесе кепілдік ретінде беру бойынша мәміле жасасқанда;
  • оның заң, мұра бойынша құқығынан бас тартуына әкелуі мүмкін мәміле жасалғанда;
  • баспананы бөліскенде немесе оның үлесін бөлгенде жасалады.

Мәміле ерекшеліктері

Қорғаншылық органдары ұсынылған құжаттар мен ата-анасының (өкілінің) мәміле жасау қажеттігі туралы дәлелдерін зерттеп, үш жұмыс күні ішінде мәмілеге келісім беруі немесе дәлелді түрде бас тартуы мүмкін.

  • 14 жасқа толмағандар (жас бала) үшін мәмілені олардың атынан заңды өкілдері жасайды.
  • 14-тен 18-ге дейінгі кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімімен өздері мәміле жасасады. Бала қол қойған соң, қасына ата-анасының бірі, заңды өкілі, қамқоршысы қол қояды.
  • 16 жасқа толған азамат жұмыс істесе немесе кәсіпкерлікпен айналысса, қамқоршылық органының немесе соттың шешімімен әрекет ете алатын (кіріптар емес) тұлға ретінде танылуы мүмкін. Бұл жағдайда ол әрекеті үшін өзі жауапкершілікке ие болады.

Егер бала пәтерде не үйде тұрса, бірақ жылжымайтын мүлікке не оның бөлігіне иелік етпесе, қорғаншылық органының келісімі қажет емес.

informburo.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

День хлеба отмечается в Казахстане

В сентябре 2019 года постановлением Правительства в перечень праздничных дат Республики Казахстан было внесено дополнение, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *