Неліктен біз ұзақ жолдан шаршаймыз?
Өте ұзақ қашықтықты көлік айдап жүріп өткен болсаңыз, бірнеше сағат жолдан соң вагон-вагон зат түсіргендей шаршаңқылықты сезген боларсыз?! Сіз тек басқышты басып, рөлді бұрап отырдыңыз. Неліктен адам ұзақ жолда ештеңе істемесе де, осылай шаршайды? Үйде және көлікте креслода бірнеше сағат отырудың арасында қандай айырмашылық бар?
Оған нақты бұлшықеттер тобының ісінуіне әкелетін тамырлардың қысылып қалуының әсері бар. Бірақ шаршауға бәрінен қатты вибрация әсер етеді. Тегіс асфальтпен келе жатсаңыз да, аз болса да вибрация пайда болады. Дене оған үнемі бейімделіп отыруға тырысады. Вибрация қауіпті жағдай секілді түсіндірілетіндіктен, бұлшықеттер үздіксіз кернеуде болады және демалмайды. Ал үйде креслода олар еш қауіпті сезбейді, сондықтан бос күйінде болады. Ал көлікте барынша өзіңізді бос ұстасаңыз да, әр жүріп өткен километр сайын шаршаңқылық жинала береді.
Ұзақ жолда жылдам шаршамас үшін мына қарапайым ережелерді сақтаңыз:
– Ұзақ жолда әр 2-3 сағат сайын көліктен шығып, қозғалу керек.
– Қатты ұйқы қысса, онымен күресудің қажеті жоқ. Оның орнына 15-20 минут болса да ұйықтап алыңыз.
– Дұрыс тамақ — төзімділік кепілі. Ұзақ жолда тез шаршамас үшін және қайта-қайта ұйқыңыз келмес үшін жолға шығарда және жолда дұрыс тамақтану маңызды. Жолда фастфуд жей салған ыңғайлы, бірақ ұзаққа дейін сергек болуды қаласаңыз, майсыз ет пен жеміс-жидектер жеңіз. Ал дүкеннің зиян тіскебасарларының орнына пайдалы жаңғақтар салып алыңыз.