Хабар

Неге кәмелет жасы – 18?

Қазақстанда және көптеген мемлекетте кәмелет жасы ретінде 18 жас бекітілген. Заңға сәйкес, кәмелет жасына толған адам толықтай азаматтық құқыққа ие болып, өз ісіне жауапкершілік алады. Бірақ, неге дәл 18 жас кәмелеттік жас саналады?

Тарихи көзі:
“Кәмелет жасы” ұғымы 18 ғасырда Ұлы Француз төңкерісі кезінде туған. Дәл сол уақытта “азамат/ азаматша” деген ұғым пайда болып, өзге елдерге тарала бастады. Азамат санатына жұмыс күшіне жарамды 18 жастағы тұрғындар жатты.Кейін бұл тәжірибе Совет Үкіметі кезінде қолданылады бастады. Содан бері көптеген елді кәмелет жасы өзгере қойған жоқ.

Ғылыми тұрғыдан:
Кәмелет жасын қабылдамас бұрын, заңгерлер медицина және психология ғалымдарының пікіріне сүйенеді. Ғылыми тұрғыдан 18 жаста адамдар психологиялық және физикалық қалыптасу кезеңдерінің басым бөлігі өтіп үлгереді. Мысалы:

– Баланың критикалық ойлау дағдысы толығымен қалыптасады;
– Адамдар ерікті назар дағдысы басымырақ бола түседі;
– Өзіне ғана тән сексуалды ерекшелік толығымен қалыптасады;
– Адамда жеке мораль ұғымы қалыптасады;
– Қоғаммен байланыс қалыптасады.

18 жаста адам жан-жақты ойлап, шешім қабылдай алады. Сонымен қатар жауапкершілік алып та біледі. Медицина бойынша бұл жаста ішкі ағза мен жүйенің қалыптасуы аяқталады. Яғни, бұл уақытта жас болса да, ересектерге түсетін күшті көтере алады, олармен теңесе жұмыс істей алады.

Заң, ғылым және тарих 18 жаста адам есейеді дегеніне қарамастан, есею кезеңі әр адамда әртүрлі жүретіні жасырын емес. 18 жас – бар болғаны орташа статистиккалық көрсеткіш. Стенфорд университетінің зерттеушілері мен жастармен жұмыс істеп жүрген түлегі Джулия Литкотт-Хэймс төменде көрсетілген қасиеттер бойынан табылғанда ғана өзін толыққанды ересек санай алады дейді:
– Тәуекел етіп білгенде;
– Бейтаныс аймақта жол тауып, оған бейімделгенде;
– Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас орнатып білгенде;
– Өздігінен табыс тауып және оны жұмсап білсе;
– Ортада туған кикілжіңді шешіп білсе;
– Үй шаруашылығын өз бетімен орындай алса;
– Өз жеңісі мен жеңілісін дұрыс қабылдай білсе.

Бұндай тұлғалық бақылау жалпыға ортақ. Дегенмен, жастар түгілі кейде жасы елуден асқан ел ағаларының өзінде бұндай қасиеттер табылмайды.

massaget.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button