Хабар

Мұзға шыққанда оның қауіпсіздігіне қалай көз жеткізуге болады

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары мұзға шыққанда оның қауіпсіздігіне қалай көз жеткізуге болатынын айтты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, берік, қауіпсіз мұздың қалыңдығы кемінде 10 сантиметр болады. Ол – көкшіл немесе жасыл реңктері бар мөлдір мұз.

Ал ақ түсті мұз бұдан екі есе жұқа. Ең қауіптісі – жаңа қатқан қардан тұратын сары немесе сұр түсті мұз.

«Мұз қалыңдығы барлық жерде бірдей емес. Тіпті бір су айдынында да әртүрлі болады. Өзен-көлдердің, су қоймаларының терең, желсіз шығанақтарында, тоғандарда, карьерлерде, ағысы баяу өзендерде мұз әрқашан жұқа болады. Өзендер мен бұлақтардың сағаларында мұз қыс бойы қалың болып қатпайды», – дейді департаменттің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбеков.

Мұзда жалғыз жүрмеген жөн. Балық аулауға барсаңыз басқа балықшылар шоғырына жақын болыңыз.

«Жылы киініп алыңыз. Бірнеше қабат киім болған абзал. Үстіңіздегі киім су болған жағдайда бірінші қабатын шешіп, тез сығып, қарға сүртуге болады. Қазіргі заманғы жүн тәрізді маталар сәл дымқыл болған кезде де жылытуы мүмкін және оларға су тез сіңбейді. Мұзда жүргенде әрқашан бір-біріңіздің араңыздағы қашықтық кем дегенде 1-2 метр болуы қажет», – делінген ақпаратта.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button