Мотивациялық кітаптардың пайдасы мен зияны қандай? (видео)
Қазір әлеуметтік желіде мотивациялық курстар мен өздерін «коуч, мотиватор» деп таныстыратын жандар көбейіп кетті. Бұл тақырыпта шығып жатқан кітаптардың өзі бір төбе. Сол кітаптар шынымен де жалқау адамды еңбекқорға, жігерсізді батылға айналдырып, табысы төмен жанды ауқаттылардың қатарына қоса ала ма? Сұрақтарға психолог Нұргүл Молдабайқызы жауап береді.
Бүгінгі әңгімеміз сол кітаптар төңірегінде болмақ. Қазігі жас «Абай жолын» білмесе де «Богатый папа, бедный папа» туралы естуі бар, күнделікті желіде насихатталып жатқан «Живи как миллионер, думай как миллионер» тұжырымдамасын дұрыс түсінбей бір күндікпен өмір сүруді кредо еткендер де жоқ емес. Айналып келгенде бүгін тренд болып жүрген мотивациялық кітаптардың негіздемесі «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап» деген Абай атамыздың сөзіне саяды.
Жалпы мотивациялық кітап пен мотивацияның өзі адамға қаншалықты керек? Мұндай кітапты оқымаған бұрыңғы ата-бабаларымыздың жігерін жанған кімдер? Мотивациялық кітаптардан нәтиже шығару үшін не істеу керек? Сұрақтарға жауап беру мақсатында коуч, бизнес тренер Самал Атагелді және «Қазақтың жазылмаған психологиясы» кітабының авторы, психолог Нұргүл Молдабайқызы осы мәселе туралы ой бөлісті.
Ақпарат көзі: baq.kz