Хабар

Министр: Теміртау экологиясы – өте маңызды мәселе

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. «АрселорМиттал» АҚ басшылығымен өткізілген жиналыстың нәтижелері туралы ол Twitter парақшасында жазды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қоршаған ортаға шығарындыларды 2025 жылға қарай 30%-ға азайту бойынша жаңа жоспарымен таныстық. Табиғатты қорғау шараларының орындалу мерзімін қысқартып, шығарындылар көлемін төмендету жоспарына 2025 емес, 2024 жылы қол жеткізу мүмкіндігін бірлесе қарастыруға келістік,– деп жазды министр.

Шығарындыларды азайтудың жаңа стратегиясына сәйкес, зауыт балама экологиялық шараларды қолданады.

Алдағы 5 жылда қоршаған ортаны жақсартуға кем дегенде 380 млн АҚШ доллар инвестиция cалмақ.

Бұл – шығарындыларды азайту бойынша қол қойылған екіжақты Меморандумның аясындағы жұмыстың жалғасы. Теміртау экологиясы – өте маңызды мәселе. Сондықтан шығарындыларды азайту жұмысы біздің қатаң бақылауымызда болады. Сонымен бірге жергілікті қоғам белсенділері де ахуалды назарда ұстайды. «АрселорМиттал» басшылығы да қоғам өкілдерімен тоқсан сайын тұрақты түрде кездесіп тұрмақ,– дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Еске салсақ, бұған дейін министр «АрселорМиттал» басшылығымен және облыстағы қоғам белсенділерімен 20 қаңтарда кездесу өткізген болатын. Сол кезде компания шығарындыларды 30%-ға азайту бойынша жоспарды әзірлеугғ үш ай уақыт сұраған болатын.

Жыл сайын Қарағанды облысы бойынша атмосфераға 590 мың тонна зиянды заттар шығарылады, оның 40% астамы , яғни 247 мың тоннасы Теміртау қаласынатиесілі. Мұның 86%-ы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ зауытынан шығады. (212,3 мың тонна).

baq.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button