Хабар

Мектептерде металл іздейтін құрылғы орнатылуы мүмкін

Мектептерді металл іздеу құрылғысымен жабдықтау мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

«Білім ұйымдары 100 пайыз бейнебақылаумен жабдықталып, 80 пайыздан астамы жедел басқару орталығына қосылған. Білім ұйымдарының 74 пайызы маманданған күзет ұстайды. Білім ошақтарының шамамен 94 пайызында «дабыл» түймесі бар. 2023 жылдың 1 қыркүйегінде осы параметрлердің бәрі 100 пайыз көрсеткішпен қамтамасыз етілуі керек. Металл іздеу құрылғысына келсек, мұндай ұсыныс енгізілді, қаралып жатыр. Педагогтер мен білім ұйымдары талқылап жатыр. Шешім қабылданған кезде ресми мәлімет береміз», – деді Шолпан Каринова.

Аталмыш шарада вице-министр биыл «Жазғы мектеп» жобасы жалғаспайтынын айтты.

«Жазғы мектептерді жүргізу коронавирус инфекциясына байланысты қолға алынғанын білесіздер. Биыл 1 маусымнан бастап жазғы демалыс басталады. Мектептер мектеп жанынан алаңдар ашады. Бұлар негізінен бастауыш және орта буын сыныптарына арналады. Одан үлкен балалар да жазғы демалысты лагерьде немесе мектеп жанындағы алаңдарда өткізе алады», – деді ол.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button