Хабар

Мектеп оқушылары оқу формасы мен оқу ұзақтығы туралы не білуі тиіс?

БҒМ баспасөз қызметшісі Мөлдір Абдуалиева мектеп формасына қатысты қатаң талаптар болмайтынын ескертті.

Мектеп формасының түсіне қатысты талаптар жеңілдетілді.

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдері бекітілді.

Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Ұзақтығы:

  • 1 сыныптарда – 33 оқу аптасы;
  • 2-11 (12)-сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

  • күзгі – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында);
  • қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында);
  • көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында);
  • 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

Сондай-ақ, БҒМ баспасөз қызметшісі Мөлдір Абдуалиева мектеп формасына қатысты қатаң талаптар болмайтынын ескертті. Шалбар мен юбка қара көк, қара жасыл, қара болуы керек – ата-ана мен мектеп оқушысының қалауына қарай.

“Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып келер оқу жылында классикалық стильдегі ыңғайлы киім киюіне болады. Классикалық стильдегі киімнің түсі мен пішімі, матасы ұстамды және қатаңдау болғаны жөн. Сондай-ақ, киімнің үстіңгі бөлігін ашық түсті, ал төменгі бөлігін қаралау етіп таңдаған дұрыс”, – деді Мөлдір Абдуалиева.

Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар тегін білім алатын елдер саны онға жетті. Тізімге Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам елдері қосылды.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button