
Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі болып тағайындалды
“Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды”, – деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Тұран университетін экономист мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар экономисті мамандығы бойынша тәмамдаған.
2000-2001 жылдары Ақмола облыстық орман басқармасының қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы.
2001-2002 жылдары MI Drilling Fluids International Атырау бөлімшесінің техника қауіпсіздігі менеджері.
2002-2004 жылдары Хьюстон (АҚШ) және Куала-Лумпур (Малайзия) қалаларының тағылымгері.
2004-2007 жылдары “MI Drilling Fluids International” Ақтау бөлімшесінің өндіріс бойынша менеджері.
2007-2010 жылдары “ТеңізСервис” ЖШС бас директоры.
2010-2012 жылдары “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры.
2012-2013 жылдары “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.
2013 жылғы қазаннан бастап ҚР мұнай және газ вице-министрі.
2014 жылғы тамыздан бастап ҚР энергетика вице-министрі.
2019 жылы экология, геология және табиғи ресурстар министрі болған.
2021 жылғы 9 қыркүйек пен 2022 жылғы 13 қаңтар аралығында энергетика министрі қызметін атқарды.
Ал “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып 2022 жылғы сәуірде тағайындалған болатын. Бұл қызметінен 2024 жылы кетті.