Хабар

Мәжілісмендер Қарағандыдағы сервистік полиция тәжірибесін зерттеді

Қарағандыда полицияның сервистік моделі екі жылға жуық жұмыс істейді. Жинақталған тәжірибе ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын қызықтырды. Делегация өңірге келіп, пилоттық жобаның нәтижелерімен танысты.

“8 қарашада Үкімет сағаты өтеді, оның басты тақырыбы ІІМ реформасы болады. Оның мағынасы жайлы қысқаша айтар болсақ: адамдар полициядан қорықпай, керісінше тәртіп сақшыларына сенім артулары тиіс. Біз бұл тұрғыда не істеліп жатқанын көруіміз керек”, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Марат Әділбай.

Пилоттық жобаны іске асыру үшін Қарағанды облысы әкімдігінің жанынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ құрылды. Оның құрамына мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері мен қоғам белсенділері кірді.

Қарағандыда депутаттарға сервистік модель учаскелік инспекторлардың жұмысына қалай әсер еткені туралы айтылды. Оларға қосымша оргтехника бөлініп, планшеттермен қамтамасыз етілді. WhatsApp-та азаматтармен өзара әрекеттесу үшін чаттар құрылды.

“Бұрын бізге хабарласу үшін адам өтініш жазуы керек еді. Ал қазір бәрі қарапайым және жылдам. Топқа хабарлама жазса жеткілікті. Мысалы, “Менің пәтерімнің жанында көршім қоқыс сөмкесін қалдырды” деп хабарласа болады. Учаскелік полиция қызметкері, заң бұзған азаматқа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Оның мақсаты әкімшілік хаттама жасау емес, алдын алу және ескерту”, – деп түсіндірді полицияның аға учаскелік инспекторы Жалғас Тұрсынов.

Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллиннің айтуынша, пилоттық жобаны өңірдің басқа қалалары мен аудандарына тарату жоспарланған.

Депутаттар сондай-ақ қоғамдық орындарда орнатылған дабыл түймелерінің әрекетін көрді. Олардың көмегімен құқық бұзушылық туралы хабарлауға немесе полицияға көмек сұрауға болады.

Сонымен қатар, депутаттар полицейлерге интернеттегі қылмыстармен күресуге көмектесетін кибер-шолушылардың жұмысы туралы білді.

Облыс әкімдігінде өткен кездесуде полицияның сервистік моделін енгізу нәтижелері талқыланды.

polisia.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button