Күн тағы суыта ма? Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктер өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.
“Түнде ауа температурасы батыста 7-20-дан 5-15 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 18-30-дан 12-22 градус аязға дейін, кей жерлерде 17-30-дан 10-26 градус аязға дейін көтеріледі деп күтіледі. Солтүстікте, орталықта 20-30-дан 18-28 градусқа дейін аяз, республиканың шығысында 15-35-тен 12-25 градусқа дейін, оңтүстікте 10-30-дан 7-20 градусқа дейін, оңтүстікте, республиканың шығысында негізгі ауа температурасы түнде 12-25 градус аяз шамасында болады”, – делінген хабарламада.