Кімдер Қазақстан президентіне үміткер бола алады?
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров заң бойынша Қазақстан Президенттігіне кімдер үміткер бола атанын айтты.
Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар мынадай:
– тууы бойынша азаматтығы;
– кейінгі 15 жылда Қазақстанда тұруы;
– жоғары білім;
– 40 жастан жоғары;
– белсенді сайлау құқығына ие болу;
– мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
– мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс.
“Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинаумен куәландыруы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күннің ішінде жүргізіледі”, – дейді Петров.
Ол бүгінде сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңге екенін түсіндірді. Сайлау жарнасы кандидатқа, егер ол лауазымға сайланса не дауыс беруге қатысқандардың барлығынан кемінде 5 пайыз алса, қайтарылады.