Хабар

Киік санын реттеуге қатысты ғылыми зерттеулер 1-2 жылға созылуы мүмкін

Оған дейін жануар популяциясына қатысты ешқандай шешім қабылданбайды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев президент сынынан кейін Қазақстанда киіктер популяциясын реттеу мәселесі қалай шешілетіні туралы түсініктеме берді.

Оның айтуынша, алдағы уақытта терең ғылыми зерттеулер жасалады. Яғни киіктердің көші-қон жолдары, тіршілік ету ортасы, жем-шөп базасы зерттеледі.

Министр киік саны ұдайы артып отырмайтынын айта келе, белгілі бір санға жеткеннен кейін олардың арасында жем-шөп үшін өзара бәсекеге басталатынын түсіндірді. –

“Ішкі бәсеке жануардың өзін әлсіретеді. Бірақ, жалпы тарихи тұрғыдан алсақ, Кеңес заманында киіктердің популяциясын реттеу тәжірибесі болды”, – деді Серікқали Брекешев.

Министрдің сөзінше, киік популяциясына қатысты ғылыми зерттеулер 1-2 жылға созылуы мүмкін. Ал оған дейін киіктердің популяциясын реттеу немесе пайдалану туралы шешім қабылданбайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button