Хабар

Келесі жылы 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 1 оңалту орталығы ашылады

2023 жылы елімізде 11 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК), 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және бір оңалту орталығы ашылады. Олар балаларға әлеуметтік медициналық-педагогикалық қолдау көрсетуге аса қажеттілік байқалатын өңірлерде іске қосылады.

Бүгінгі күні елімізде 89 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 208 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 13 оңалту орталығы жұмыс істейді.

«Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылға дейін ПМПК желісін 50 000 балаға шаққанда 1 ПМПК есебінен 125-ке дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. ПМПК және түзету кабинеттерінің саны жыл сайын артып келе жатқанын атап өткім келеді. Қарағанды, Ақтау, Шымкент қалаларында, Маңғыстау және Алматы облыстарында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар ашылды. Түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының саны да артып келеді. Соңғы екі жылда 13 түзету кабинеті ашылды. Яғни балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту айтарлықтай кеңейіп жатыр. Бұл балалар мүгедектігінің алдын алуға және азайтуға ықпал етеді», – деді Оқу-ағарту министрлігі Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Кудеринова.

Сонымен қатар елімізде арнайы білім беретін ұйымдардың саны да өсті. Балалар жылында елімізде Тараз, Орал және Қарағанды ​​қалаларында аутизммен ауыратын балаларға арналған үш қолдау орталығы ашылды.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button