Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс бойынша Қарағанды алғашқы үштікте
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қатысты 1,7 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,8%-ға артық, деп хабарлайды Ranking.kz.
Құқық бұзушылықтардың 582 жағдайы – орташа ауыр. Тағы 443 жағдай аса ауыр, 314 жағдай ауыр, 264 жағдай онша ауыр емес болып тіркелді.
2020 жылдың ұқсас кезеңінде елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған 1,5 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл – жылына минус 14,6%.
Өңірлік бөліністе кәмелетке толмағандарға қатысты ең көп бұзушылық Түркістан облысында тіркелді (212 жағдай). Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 57%-ға көп. Анти-лидерлердің үштігіне Қарағанды (197 жағдай) және Алматы (159 жағдай) облыстары да енді. Осы үш өңірге Қазақстан бойынша барлық құқық бұзушылықтардың үштен бірі келді.
Аталған сектордағы ең аз қылмыстар Павлодар облысында жасалды, барлығы 51 жағдай – бір жыл бұрынғыға қарағанда 52,8%-ға аз.
Құқық бұзушылықтар санының ең көп өсуі Батыс Қазақстан облысында тіркелген (жылына 82,5%-ға, 73 жағдайға дейін), ең көп төмендеуі – Павлодар облысында.
Кәмелетке толмағандарға қатысты барлық қылмыстардың 58,5%-ы жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жатады, 999 жағдай – бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,2%-ға көп. Көбінесе он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер (270 жағдай), зорлау (204 жағдай), жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (180 жағдай), жас балаларды азғыру (125 жағдай), денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру (68 жағдай) сияқты қылмыстар жасалды.