Хабар

Көлік жүргізушілері қысқы доңғалағын салып алғаны жөн – ІІМ

Қылышын сүйретіп қыс келгенде қамданбай жүрудің соңы қайғы-қа­сіретке, өкініш пен опы­нуға алып кел­мей қоймайды. Оған – тәртіп сақ­шы­ларының жыл­дар бойғы жұмыс тә­жі­рибесі куә. Елімізде тіркелетін жол-кө­лік оқи­ғаларының басым көпшілігі де енжарлардың кесірінен орын алатын көрінеді. Полиция қыз­меткерлері осы мәселе туралы­ жұрт­шылықты құ­лақ­тан­ды­ру­дай-ақ құлақтандырып жат­қа­нымен, оқыс оқиғалар саны азай­май тұр. Сақтанбай жүріп сан соғып қал­ғандар көп. Сондықтан еліміздің Ішкі істер министрлігі ауа райының бұзылуына байланысты көлігінің доңғалағын қысқы шинаға ауыстыруы керегін ескертеді.

«Қыс мезгілі басталғанда көлік қозғалысы ерекше назар аударуды қажет етеді. Оның өз ережелері мен талаптары бар. Мәселен, заңнамаға сәйкес қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) көліктерге жазғы доңғалақпен жүруге тыйым салынады. Қысқа арналған шина көлік құралының барлық доңғалағына орнатылуы керек», – деді ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, көлік жүргізушілері қысқы ауа райын ескере отырып, сапарды алдын ала жоспарлаған жөн.

«Төтенше жағдай қызметінің хабарламасына құлақ асқан абзал. Қолайсыз ауа райы жағдайында жолға шықпауға кеңес беріледі», – дейді ол.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button