НовостиПроисшествия

Иран президенті апаттан қаза тапты

Агенттік мәліметінше, тікұшақта отырған адамдардың бәрі қаза тапқан.

Ирандық БАҚ-тар тікұшақтың кадрларын жариялай бастады. Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан түні бойы тікұшақты іздеу жұмыстарымен айналысты. Олар 20 мамырда таңертең апат болған орынды тапты. Бұған дейін Press TV телеарнасы тікұшақ түріктің Akıncı құрылғысы арқылы табылғанын хабарлаған еді.
IRNA мемлекеттік агенттігінің мәліметінше, Раиси Bell 212 тікұшағымен ұшқан.

Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Иран елінің Жоғарғы лидері Әли Хаменеи мен Бірінші Вице-Президенті Мохаммад Мохберге және барша иран халқына көңіл айтты.

Тікұшақ апаты салдарынан Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси мен оның сенімді серіктерінің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Ибрахим Раиси – Иран мемлекеті мен халқының әл-ауқатын арттыруға, мүддесінің мұқалмауына, аймақтағы тұрақтылықты сақтауға өз өмірін риясыз арнаған көрнекті мемлекет қайраткері. Оның қолға алған бастамалары мен жетістіктері халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланғаны баршаға мәлім. Қазақстандықтар Ибрахим Раисиді парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайды. Марқұмдардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, – деп жазылған жеделхатта

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button