Хабар

Инфекция қаупі жоғары: Жеміс-жидектен уланбас үшін нені ескеру керек?

Гастроэнтеролог бірнеше пайдалы кеңес берді.

Қазір жеміс-жидектерді жыл бойы ірі дүкендерден табуға болады. Бірақ маусымдық жеміс-жидектерді базар мен жәрмеңкелерден алса, экологиялық таза деп саналып, бағасы да арзанырақ шығады. Бірақ олар қаншалықты қауіпсіз? Таңдау кезінде нені ескеру керек? Жемістер мен көкөністерді қалай жуу керек? Invitro клиникасының терапевт-дәрігері, гастроэнтеролог Ирина Губанова жауап берді.

Базарлан көкөніс пен жеміс алу қауіпсіз бе? Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға қарамастан, базарда да, дүкенде де тұрған жеміс-жидектерден инфекция жұқтыру қаупі бар екенін түсіну керек. Өйткені, әртүрлі қалалар мен елдерден жеткізілген жеміс-жидектер көкөніс қоймаларында біраз уақыт сақталады. Содан кейін көлікпен базар немесе дүкен сөрелеріне тасымалданады. Сонымен қатар сөрелер де химиялық өңдеуден өтетінін көпшілік біле бермейді.

Қалай таңдау қажет? Бірінші сыртқы түріне назар аудару қажет. Түсі, қабығының сау болуы маңызды. Сондай-ақ шіру белгілерінің жоқтығына көз жеткізу керек. Әр жеміске тән иісі болады, содан бөтен иіс болмауы керек.

Жидектер мыжылған, піспеген немесе езіліп кеткен, шірік болмауы керек. Ондай жемістер мен көкөністерден улану және ішек инфекцияларын жұқтыру қаупі жоғары.

Қалай жуу керек?

Жидектерді бір қабатта дуршлагқа салып, 5 минут бойы ағын сумен шаю керек. Құлпынайдың сыртындағы кір мен топырақтан тазарту үшін 5-10 минут бойы суға салып қойып, кейін шаю қажет.
Көк шөптерді 15 минут бойы салқын суға салып, жапырақтарын мұқият сұрыптап, шаң-тозаңы ыдыстың түбіне түскенше суды қайта-қайта ауыстырып отыру керек. Тұзды немесе сірке суы қосылған суға 30 минут (1 литр суға 1 ас қасық сірке суы немесе тұз) салып қоюға болады.
Қабығы қалың жемістерді (банан, апельсин және т.б.) ағын судың астында щеткамен жақсылап жуған жөн.
Көптеген импортталған өнімдер ұзақ уақыт сақталуы үщін парафинмен қапталады. Сондықтан оларды жылы, сабынды суда жуып, кейін жақсылап шаю қажет. Егер қабығы өте әдемі және тегіс болса, бұл жеміс парафинмен мұқият өңделген деген сөз. Бұл жағдайда қабығын толығымен аршып тастаған жөн.

Қарбыздан уланбас үшін нені ескерген дұрыс? Өкінішке қарай, қарбыз тез пісу үшін нитраттармен жиі өңделеді. Сондықтан қауіпсіздік үшін оны нағыз маусымы – тамыз айында сатып алған дұрыс. Жақсы қарбыздың қабығында сызат, жарық, ойықтардың болмайды.

Қарбыздың іші ашық қызыл түсті болса, ол нитраттардың көп екенін көрсетуі мүмкін. Ол үшін сынақ жүргізуге болады. Қарбыздың бір тілімін суға салып, судың түсін қарау керек. Егер су бұлдыр болып кетсе, қарбыз қауіпсіз деген сөз. Ал су қызғылт түске енсе, қарбызды жемей-ақ қойған жөн.

Сонымен қатар қарбыздың ішіне кір түсіп кетпеуі үшін оны сатып аларда ішін кесіп көрсетуді сұрамау керек.

Жол бойынан қарбыз алған дұрыс па?

Жол бойында көбінесе қарбыз сатылады. Олардың сырты көшеде тұрғандықтан, шаң-тозаң болады. Сонымен қатар, көліктерден бөлінген газдарды сіңіре алады. Сондықтан мұндай қарбыздың денсаулыққа зиян келтіру қаупі жоғары.

Қарбыз сатып алған кезде оны алдымен сабынды сумен жуып, кейін жақсылап шаю қажет. Өнімді салқын жерде бір күннен артық сақтауға болмайды.

Жеміс-жидекті қалай сақтаған жөн? Піспеген жеміс-жидекті, сондай-ақ алма, банан және апельсинді бөлме температурасында сақтаған жөн. Себебі суықта шіріп кетуі мүмкін. Сонымен қатар көгеріп кетпеуі үшін жумай сақтау керек.

Ал піскен жеміс-жидекті тоңазытқыштың артқы қабырғасына тигізбей қойған дұрыс. Жүзімді пластик пакетке салып, тоңазытқышта сақтаған жөн.

Күніне қанша жеміс-жидек жеуге болады? Күніне кемінде 200 грамм жидек немесе орта есеппен екі жеміс жеген жөн. Бұл ағзаға денсаулыққа қажетті ең маңызды витаминдер мен минералдарды алуға көмектеседі.

Жеміс-жидекті мөлшерінен артық жеу де зиян келтіруі мүмкін: ас қорыту жүйесі бұзылып, аллергиялық реакцияларды тудыру қаупі бар.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button