Хабар

ІІМ ресейлік нөмірлі көліктерді тіркеу туралы: Заңда жеңілдік жағы қарастырылмаған

Еліміздің Ішкі істер министрлігі ресейлік нөмірлі көліктерді тіркеуде ешқандай жеңілдіктің болмайтынын мәлімдеді.

«Қазақстан аумағына сырттан әкелінген кез келген көлік заңға сай тіркеуден өтуі тиіс. Және талап барлық азаматтарға ортақ. Яғни көлік тіркеуге қатысты заңда белгілі бір санаттағы азаматтарға жеңілдік жағы қарастырылмаған Сондықтан да елімізде тіркелмеген көлік иелерін ережеге бағынуға шақырамыз. Олай болмаған жағдайда заң аясында автокөлігі тәркіленіп, иесіне айыппұл салынады», – деді Серік Түсіпов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ІІМ өкілі егер Қазақстанда тіркелмеген көліктің шетелдегі иесі табылса не болатынын айтты.

«Жалпы тіркелмеген көлікті сатып алу немесе екіжақ өзара келісіп тіркемеу азаматтық-құқықтық қарым-қатынас форматы бойынша жасалатын келісім. Бұл орайда біз мәселенің нақты қалай шешу керектігін айта алмаймыз. Басты талап елімізге келген көлік заң бойынша тіркелуі тиіс. Көліктің тіркелмегенін немесе Қазақстанға заңсыз әкелінгенін базадан анықтауға болады. Ал оның иесін іздеу Ресеймен бірлесіп атқарылатын жұмыс», – дейді ол.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде 4 млн 200 мыңнан астам автокөлік тіркелген.

Бұған дейін Серік Түсіпов Ресейден заңсыз көлік әкеліп, бірақ елде тіркемеген 100-ден астам қазақстандыққа іздеу салынғанын мәлім еткен болатын.

Айта кетсек, Қазақстанда жүрген ресейлік нөмірлі 88 мың көліктің тіркеуден шығарылғаны анықталды.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button