Новости

ІІМ “адыраспан” жағатындарға ескерту жасады

“Айта кету керек, биыл, ақпан айынан бастап Ресей Федерациясында гармала деген өсімдік, яғни жалпақ тілмен айтқанда “адыраспан” тыйым салынған өсімдіктер қатарына енгізілді. Оны сол елге апарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. 1 миллион рубльге дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал аса ірі мөлшерде апарғаны үшін жаза 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді”, – дейді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарына баратын елдің заңын біліп жүруге кеңес берді.

“Шет мемлекеттердің аумағында тыйым салынған өсімдіктер мен дәрілік препараттарға назар аудару қажет”, – деді ведомство өкілі.

Естеріңізге сала кетейік Ресейде адыраспан тыйым салынған өсімдіктер қатарына енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button