СпортХабар

Головкиннің абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жегі неге өтпей қалғаны анықталды

Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес, орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін британдық Билли Джо Сондерспен өтетін жекпе-жектің неге өтпей қалғанын айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz.

2017 жыл Головкин WBA, WBC және IBF титулдарына ие болды, ал Сондерс WBO белбеуін жеңіп алды. Сол кездері екеуі арасында жекпе-жек өткізу туралы шешім қабылданды. Жекпе-жекті Қазақстанда өткізу жоспарланған болатын, бірақ ол болмады.

“Біз шынында да Қазақстанда Сондерспен жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа отырдық. Бұл елордадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде болуы керек болатын. Бірақ қандай да бір себептермен ЭКСПО ұйымдастырушылары келісімшартта айтылғандарды орындай алмады, сонымен жекпе-жек болмады. Бұл жекпе-жекті ұйымдастырудың жалғыз жолы – Билли Джоға айтылғандарды орындау болатын. Алайда, ұйымдастырушылар оған келісімшартта айтылған соманы бере алмады, сондықтан олар қайта келіссөз жүргізбеді. Өйткені бізде мұндай ақша жоқ болатын”, – деді Санчес. FightHub телеарнасына берген сұхбатында.

“Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі өткенде, Головкин жеңетін еді”, – дейді бапкер.

“Ол кезде Геннадий тоқтаусыз жаттығатын еді, тоқтамай алға жүретін, қарсыласын құлағанша ұратын. Менің ойымша, Билли Джо алғашқы жеті-сегіз раундта қиындық тудыратын еді, бірақ содан кейін Forum аренасында өткен жекпе-жектегі сияқты болатын еді. Головкин Вилли Монроны тоқтаусыз түрлі соққылармен қатты ұрды. Әрине, Вилли де бірнеше жақсы соққы жасады, бірақ Геннадий соққылармен қатты шаршатып, ақыры жеңілуге мәжбүр етті. Головкин Сондерсті соңғы раундтарда тоқтатар еді немесе төрешілердің бірауызды шешімімен оңай жеңер еді деп ойлаймын”, – деп толықтырды Санчес.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button