Головкинді Ұлыбритания королінің гвардиясы күтіп алды
Лондон әуежайына қонған қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді Ұлыбритания королінің гвардиясы салтанатты түрде қарсы алды
Лондон әуежайына қонған қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді Ұлыбритания королінің гвардиясы салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды BNews.kz.
Айта кетейік, отандасымыз Ұлыбританияға 10 қыркүйекте осы елдің боксшысы Келл Брукқа қарсы өткізетін жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатын өткізуге келді.
«Геннадий Головкинді салтанатты түрде күтіп алу рәсімін ұйымдастырғаны үшін Эдди Хирнге алғыс айтамын», – деп жазыпты боксшымыздың промоутері Том Леффлер твиттердегі парақшасында.
«Мұнда тұрған ештеңе жоқ, бұл – Matchroom телеарнасы үшін қалыпты жағдай», – дейді Эдди Хирн.
Айта кетейік, Ұлыбритания королінің гвардиясы – елдегі ең беделді әскери бөлімшелердің бірі, ал сарбаздар мемлекеттің символдарының бірі саналады.
Естеріңізге саламыз, Головкин – Брук жекпе-жегі 10 қыркүйек күні Лондондағы 20 мың орынды О2 аренада өтеді. Бокс кешіне барлық билеттер бас-аяғы 12 минутта толық сатылған.