
Хабар
Геннадий Головкин әлемдік рейтингте көш бастады
Енді Головкин BoxRec рейтингісінде барлық боксшы арасында салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) бірінші орынға жайғасты – оның балы 698.6.
Екінші орында – мексикалық Сауль “Канело” Альварес (57-1-2, 39 КО), оның қазіргі уақыттағы рейтингі – 687.4 балл.
Әлемнің үздік боксшыларының үштігіне америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) кірді – 524.0 балл.
Еске салсақ, Геннадий Головкин 9 сәуірде Жапонияда өткен жекпе-жекте Риота Муратаны техникалық нокаутпен жеңді. Енді ол WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері.