Понедельник, 29.11.2021

Гемоглобинді қалай көтеруге болады – дәрігердің жауабы

Қан айналымы мен жүрек жұмысына ықпал ететін заттың бірі – гемоглобин. Қанға қызыл реңк беретін де – осы. Ел арасында көп кездесетін аурудың бірі – анемия немесе гемоглобиннің түсіп кетуі. Әсіресе жүкті әйелдерде жиі кездеседі.

Ер адамның ағзасында гемоглобиннің орташа нормасы – 130-160 ммоль/л, ал әйелдікі – 120-140 ммоль/л. Ал 50 жастан асқан ер адамның гемоглобині 117-138 ммоль/литрдей болады.

Гемоглобині түсіп кеткен адам оны жылдам байқайды: тері құрғап ағарады, жүрек қағысы жиілейді, әлсіздік, шаршау, тісі сарғаяды, башпайдың беткі жағы қараюы мүмкін, ұйқы қашады, бас ауырады, құлақ тұнады. Шаш түсу мен тілдің ағаруы да осыған жатады.

Осы белгілерді байқағандар «гемоглобинім түсіп кеткен сияқты», «гемоглобинді көтеру керек» деген сөзді жиі айтады. Ендеше гемоглобинді нормасында ұстап, түсіп кеткен жағдайда көтеру үшін не істеу керек. Бұл сауалдың жауабын А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының кардиолог дәрігері Рашида Халимназаровадан берді.

Дәрігердің айтуынша, ең алдымен адам гемоглобинді көтеруге кіріспес бұрын оның неге түсіп кеткенін анықтауға тырысу керек.

«Себебін анықтағаннан кейін барып, оны көтеруді ойластыру қажет. Себебі адам ағзасында гемоглобиннің жайдан-жай түсіп кетуі мүмкін емес. Қандай да бір аурудың себебінен гемоглобин түсуі мүмкін. Мұндайда оны қанша көтеруге тырыссақ та көтере алмаймыз. Алдымен ауруды емдеп алу керек», — дейді кардиолог.

Гемоглобинді көтерудің бірден-бір жолы – ол дұрыс тамақтану.

Әсіресе ақуызы мен темірі мол ет, теңіз тағамдарын, дәнді-дақыл мен көк шөп жеу керек. Өкпе-бауырда темір көп болады. Еттің құрамындағы темірдің үлесі 28 пайызға дейін жетеді. Көк алма мен анарда темір көп. Жиі жеңіз. Шырын жасап ішуге болады. Қызанақ, картоп, асқабақ сынды көкөністе де темір мол. Осыларды араластырып көп тұтынған жөн. Сонымен бірге дәрігер темір құрамы жақсы арнайы препараттар жазып беруі мүмкін, — дейді Рашида Халимназарова.

massaget.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

Адамның дербес деректеріне не жатады?

Әлеуметтік желіде бөліскен кез келген ақпарат алаяқтардың басты құралына айналуы мүмкін. Кейбірі оның тек адамның …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *