Газ бағасын төмендету туралы шешім қабылдадық – Жеңіс Қасымбек
Қарағанды облысында баллон газының бағасын төмендетіледі. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
“Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! Баллондардағы газдың бағасы бойынша көптеген өтініштер түсуде. Шынында да, қазір тек автомобиль газының бағасы белгіленді. Сондықтан, біз кейбір газ желісі ұйымдарымен бірлесіп, баллон газының да бағасын төмендету туралы шешім қабылдадық”, – деді Қарағанды облысының әкімі.
Оның атап өтуінше, бүгінгі күнде 8 компания тарапынан түсіністік бар. Олар – «AlemGaz» ЖШС, «Темір-Газ», «УГХ ГАЗOIL» , «Хантер АГЗС», «Автогаз Трэйд», «С-Мұнай», «KazEcoGaz LTD17» және «Алпамыс Атырау».
“Бұл компаниялар газды литріне 70 – 105 теңгеден сатуда. Мысалы, Қарағандыда «AlemGaz»ЖШС баллондарды 1500 теңгеден 3000 теңгеге дейін жеткізу бағасынсыз сатуды бастады. Теміртауда 25 литрлік баллон 2 500 теңге, 50 литрлік баллон 5 000 теңге тұрады. Жезқазғанда балонды газдың бағасы 130 теңгеден 88 теңгеге дейін төмендеді. Балқашта баллон газының бір литрі 85 теңге тұрады”, – деді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ әкім аталған компания басшыларына алғыс айтты.
“Баллонды газ бағасын төмендету бойынша жұмыс барлық өңірлерде басқа компаниялармен де жалғасатын болады”, – деді ол.